Қара көз құрғыр гүл жайнар (текст)

Ай, қарағым, айналайын қиғаш қасың,
Қима бел, жазық маңдай, сүмбіл шашың.
Ай, есімнен жатсам-тұрсам бір шықпайсың,
Өтеді-ау сені ойласам жарым жасым-ай.

Қара көз құрғыр гүл жайнар,
Кәмел белбеу бір байлар.
Қара көз еске түскенде,
Ет жүрегім зыр қайнар.

Ай, қарағым, айналайын қаранғаның,
Дидарың асыл тастан жаралғаның,
Ай, толықсып туған айдай нұрын шашып,
Түрленіп тоты құстай таранғаның.

Қара көз құрғыр гүл жайнар,
Кәмел белбеу бір байлар.
Қара көз еске түскенде,
Ет жүрегім зыр қайнар.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: