Қара көл есік алды түбің ылай,
Бітеді емен ағаш жарға құлай.
Елдерден алған таңдап едің, әгу,
Қоспады екеуімізді дұшпан сөзі-ай, дұшпан сөзі-ай.
Насыбай қара бұйра көрмедім-ай,
Өзімнің еріккенде ермегім-ай.
Аралап әр шаһарды жүрсем-дағы,
Әр үйде сіздей сұлу көрмедім-ай, көрмедім-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: