Қарғам-ау, сен қалайсың мен дегенде,
Құриды ынтызарым сен дегенде.
Аршын төс, алма мойын, беу, қарағым,
Бал татыр сілекейің шөлдегенде.
Қарғам-ау, ризамын сертке жетсең,
Жерлерден қиын-қыстау аман өтсең.
Бірге өскен кішкентайдан, қарғатайым,
Өзің біл, ғашығыңды зар еңіретсең.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: