(Әміренің айтуы бойынша)
Қарғам-ау, сен қалайсың-ей, мен дегенде-ей-е,
Құриды ынтызары-ай, қарға-ау, сен дегенде-ей.
Арара-ра-рай, ара-ра-рау, айдай-ай.
Алыстан арып-ашып-ей, келгенімде-уай,
Бал татыр сілекейің-ей, қарға-ау, шөлдегенде.
Арара-ра-рай, ара-ра-рау, айдай-ай.
Қарғам-ау, етің де аппақ-ей, бетің де аппақ-ей,
Туды екен қандай адам-өй, қарғай сені баптап!
Арара-ра-рай, ара-ра-рау, айдай-ай.
Үстінде торғын көрпе-ей, мамық жастық-уай,
Жансәулем жатыр ма екен-өй, қарға, бір шынтақтап-ей.
Арара-ра-рай, ара-ра-рау, айдай-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: