Басыңда керегенің оймақ тұрар,
Жігітке кедейшілік қой бақтырар, угәй-әй.
Алғаны ер жігіттің жақсы болса,
Бұралып тал шыбықтай ойнап тұрар, угәй-әй.
Угәй-әй,
Ел жайлауы Қарқара,
Мекен болған қалқама.
Жәрмеңкеден ән салған,
Бар қызығым, угәй, жаным, тарқама.
Жарасқан жамалына қарқарасы,
Сұлуға әркімнің-ақ бар таласы, угәй-әй.
Жігіттер сұлуларға таласпаңыз,
Бұйырса жаны сұлу жар табасыз, угәй-әй.
Угәй-әй,
Ел жайлауы Қарқара,
Мекен болған қалқама.
Жәрмеңкеден ән салған,
Бар қызығым, угәй, жаным, тарқама.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: