Қаулилилай (текст)

Таң-таң атар, таң атар таң жағынан,
Шаң шығады құланның ойнағынан, қау-лілі-лай.
Белге соққан жыландай үш бұралып,
Тұрар ма едім қалқаның оң жағынан, қау-лілі-лай.

Самал салқын жел соқса,
Үйрек ұшып, қаз қонса.
Таңдап алған перизат,
Сағынғанда кез болса.

Айналайын көзіңнен күліп тұрған,
Көрген сайын көңілді бөліп тұрған, қау-лілі-лай.
Сымбатыңа тамаша көңілім толды,
Кезең жерде кез болып жолықтырған, қау-лілі-лай.

Самал салқын жел соқса,
Үйрек ұшып, қаз қонса.
Таңдап алған перизат,
Сағынғанда кез болса.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: