Қамыс басы жел болса қаусылдайды,
Өз-өзінен сөйлесіп саусылдайды.
Әй, Қапал, дедім-ай!
Сені ойласам, қалқатай, сағынғанда,
Айтар сөзім ішімнен таусылмайды.
Әй, Қапал, дедім-ай!
Қызыл шарқат қаз бала жамылады,
Жібектен бау шашақтап тағынады.
Әй, Қапал, дедім-ай!
Ата менен ананың дәулетінде,
Үлде менен бүлдеге малынады.
Әй, Қапал, дедім-ай!
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: