Аяғыма кигенім кебіс еді,
Жылқы ішінде қос күрен тебіседі.
Ей, қос күрең теңгелі-ай,
Ән салайық кел бері-ай.
Шытыра көйлек сылқылдақ.
Сал өзімдей былқылдап.
Мұнан бұрын өлеңді айтқаным жоқ,
Не деп айтсам өлеңді келіседі.
Ей, қос күрең теңгелі-ай,
Ән салайық кел бері-ай.
Шытыра көйлек сылқылдақ.
Сал өзімдей былқылдап.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: