Жасымнан болдым құмар, сәулем, саған,
Күн бар ма дидарласар есен-аман!
Жалғанда сенсіз маған қызық бар ма,
Тілекке жететұғын туды заман.
Әппақ етің қардай бар,
Қызыл бетің қандай бар.
Сен, сәулеме, ғашықтығым
Кеудемдегі жандай бар.
Ә-әй, сәулем, дәурен беу-беу,
Беу-беу-беу, қош, аман бол!
Сағынып хат жазамын, алтын айым,
Бір минут сені ойламай тұра алмаймын.
Бота көз, үлбіреген ақша тамақ,
Киіктің ұқсатамын құралайын.
Әппақ етің қардай бар,
Қызыл бетің қандай бар.
Сен, сәулеме, ғашықтығым
Кеудемдегі жандай бар.
Ә-әй, сәулем, дәурен беу-беу,
Беу-беу-беу, қош, аман бол!
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: