Ақ көйлек жыртылмайды кең болған соң,
Ойнайды екі құрбы тең болған соң,
Сырымды саған айтпай кімге айтамын,
Көзіме көрінгенім сен болған соң.
Кенже сал пейіліңді тарғылғанша,
Құдай-ай, қоспаймысың зар қылғанша.
Біреудің жас өміріне ортақ етіп,
Жаманды неге алмайсың бар қылғанша.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: