Деген соң қоңыр тұсақ, қоңыр тұсақ,
Өтпейді күлшетайға жаман пышақ.
Қос қалқа,
Күліп ойна тіршілікте-ай.
Қарағым, әуре қылдың өлең айт деп,
Өмірің не де болса болсын ұзақ.
Қос қалқа,
Күліп ойна тіршілікте-ай.
Деген соң қызыл дөнен, қызыл дөнен,
Қаршыға қолан кетпес қыдыр көрген.
Қос қалқа,
Күліп ойна тіршілікте-ай.
Қарағым, өлең айт деп қинадың ғой,
Балаларың біздей болып айтсын өлең.
Қос қалқа,
Күліп ойна тіршілікте-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: