Құбажай (текст)

Өлең айтқым келмейді ерінгенде,
Бойым байсал тартады керілгенде.

Ахау, Құбажай,
Қоңыр салқын соғады-ай,
Жел, аха-хай.

Жерден алтын тапқандай қуанамын,
Қалқатайдың төбесі көрінгенде.

Ахау, Құбажай,
Қоңыр салқын соғады-ай,
Жел, аха-хай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: