Құрбы сәні келмейді ойнап-күлмей-ей,
Қыздың сәні келмейді барша кимей, құрбым-ай.
Алыстағы махаббат арман болар-ей,
Екі ғашық сырласып бірге жүрмей, құрбым-ай.
Жас қартаяр, қартаймас құрбы көңіл-ей,
Құрбысыз күн не керек құрысын өмір, құрбым-ай
Қимас құрбы туыстан болар жақсы-ей,
Құрбың келсе көңілден ашылар сыр, құрбым-ай.
Бұл өмірде не тату, құрбы тату-ей,
Бір-біріне әзілін етер тарту, құрбым-ай.
Сыйласпайтын пәндемен сөз байласпа-ей,
Асыл күлкің аяғы болар ашу, құрбым-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: