Бір қамшым бар қолымда алтындаған,
Ұстай алмай кей адам қалтылдаған.
Кішкентайдан бірге өскен әттең құрбым,
Айналайын көзіңнен жалтылдаған.
Құрбым-ай,
Құр сөзіңмен жүрмін-ай,
Өтер дәурен бір күні-ай.
Күн шығады аспаннан алтын арай,
Құрбыда да құрбы бар талай-талай.
Жатсам ұйқы келмейді сені ойласам,
Көзім талды жолыңа қарай-қарай.
Құрбым-ай,
Құр сөзіңмен жүрмін-ай,
Өтер дәурен бір күні-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: