Алма мойын ала үйрек ұшар сайдан, ой-ау,
Бозторғайдың ажалы-ау күйкентайдан-ай.
Екі бала құрбышым-ай.
Есен де аман жүрмісің-ай.
Өлең даусын сағынып жүргенімде, ой-ау,
Ала үйрек, алма мойын-ау келдің қайдан.
Екі бала құрбышым-ай.
Есен де аман жүрмісің-ай.
Жанда аманат жүргенде, малда аманат, ой-ау.
Біреу құйрық болғанда, біреу қанат.
Екі де бала құрбышым-ай.
Есен де аман жүрмісің-ай.
Көріскелі көргелі келдік жаңа, ой-ау,
Аман-есен жүрсің бе сау-сәлемет.
Екі де бала құрбышым-ай.
Есен де аман жүрмісің-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: