Қызыл шүлік ендеше, қызыл шүлік,
Бір ажалы түйенің ала күлік.
Үкілі-ай, Жамал-ай,
Жауратар таудың самалы-ай.
Құр бекер жүргенменен не шығады,
Өлең айтып тұрайық қызықшылық.
Үкілі-ай, Жамал-ай,
Жауратар таудың самалы-ай.
Айт дегенде өлеңді іркілмеймін,
Ақ қозының жүніндей үлпілдеймін.
Үкілі-ай, Жамал-ай,
Жауратар таудың самалы-ай.
Қалағаның біздерден өлең болса,
Желмей, жортпай алдыңда бүлкілдеймін.
Үкілі-ай, Жамал-ай,
Жауратар таудың самалы-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: