Біреу жақсы біреуден, мысқал артық,
Ат көрпені басарға пыстан артық-ау.
Жайды білген тең тұсың тура келсе,
Әңгімеңді айтасың нұсқалантып-ау.
Тоқсан сөздің тобықтай бар түйіні,
Ұзартпасаң айтайын қысқалантып-ау.
Үри-ай, ахау,
Жылдан жылға заманың
Кеп тұр тақау-ай.
Ау, бісмілла, өлеңнің алды неше-ай,
Қолқа, жүрек – адамның жан денесі-ай.
Айтар кісі өзіне сай келгенде,
Қарап тұрма өлеңнің қайын енесі-ай.
Ахау, әнім,
Заман екі келмейді,
Заула, жаным-ай!
Жаратады жақсыны алтын қылып,
Ішіңді алтын, сыртыңды жалтыр қылып-ау.
Бір жақсы мен бір жаман әр қайда бар,
Күйдіресің ішімді талпындырып-ау.
Ахау, иғай,
Мен сыртыңнан жүруші ем,
Елге қимай-ау!
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: