Бал-бұл жанып жүздеріміз,
Жан емес пе ек, біздер егіз?
Жастық шақтың еншісіндей,
Жатыр сайрап іздеріміз.
Қайырмасы:
Елеңдеумен хабарыңа,
Жас іркілді жанарыма,
Тағдыр бізді жақындатпай,
Алыстатып барады ма?
Жауабы жоқ сұрақтың да,
Қалам жиі тұнып мұңға,
Мүмкін емес ойламауың,
Шынымен-ақ ұмыттың ба?
Үміттің шын солғаны ма?
Шашқа қырау қонғаны ма?
Кездеспей-ақ кетеміз бе,
Өмір атты жолда мына?
Күндер қайда алып-ұшқан
Жүрсің күнім сен қай тұста?
Сезімдерім тамшы болып,
Айналғандай сағынышқа…
Сөзі:
Әні:
Орындаушы: