Әдемі қыз (текст)

Ақ көйлек, қызыл бешпет, әдемі қыз,
Тиген жоқ әлі ешкімге, әдемі-ау, әлегіңіз.
Бірге өскен кішкентайдан құрбым едің,
Біз сізден әлі күнге, әдемі-ау, дәмеліміз.

Қайырмасы:
Сәулелі алтын айымсың,
Бақытым сенсің, барымсың.
Дариға мынау жалғанда,
Таңдап бір сүйген жанымсың.

Ақ көйлек, қара камзол белін буған,
Жан едің қатарыңнан, әдемі-ау, дара туған.
Мен сізге ғашықтықтан сөз айтамын,
Ар жағын өзің шешіп, әдемі-ау, өзің ойлан.

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: