Ендеше майда бетті, майда бетті,
Кекілік майда беттен сайрап өтті,
Ой, сәулем, өтті-ау жалған-ай.
Өлеңді он айтқанда бір айтпадың,
Серігің қасыңдағы қайда кетті,
Ой, сәулем, өтті-ау жалған-ай.
Ендеше майда құрақ, майда құрақ,
Құрақтың жұлып алдым басын бұрап,
Ой, сәулем, өтті-ау жалған-ай.
Осындай құдай айдап кез келгенде,
Айта гөр өлеңіңді, жаным шырақ,
Ой, сәулем, өтті-ау жалған-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: