Өтірік өлең (текст)

Бақа қызын беріпті-ай көбелекке,
Қара шыбын жүріпті жеңгелекке.

Ахау-ахау, ахау.

Бір туын құмырсқаның-ай ұстап сойып,
Той ғыпты ат шаптырып төңірекке.

Ахау-ахау, ахау.

Міндім де қара қоңыз-ай аяңдадым,
Болдыртып аяңымен қоян алдым.

Ахау-ахау, ахау.

Шіркін-ай сол қоянның семізін-ай,
Көтеріп қоңызыма қоя алмадым.

Ахау-ахау, ахау.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: