Абайкөк (6-нұсқа) (текст)

Бойында бұл Қобданың ши бар ма екен,
Оюда шебер ойған мін бар ма екен.

Ей, абай көк,
Жерің шалғай-ей,
Амал жоқ.

Ант ішкен айрылмастай екі қалқа,
Көретін қайта айналып күн бар ма екен.

Ей, абай көк,
Жерің шалғай-ей,
Амал жоқ.

Немене өлең деген ермек деген,
Саудагер ел ішінде көлбектеген.

Ей, абай көк,
Жерің шалғай-ей,
Амал жоқ.

Кеткенде аулың алыс, ей, қарағым,
Зар болдым көлеңкеңе елбектеген.

Ей, абай көк,
Жерің шалғай-ей,
Амал жоқ.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: