Берейін әнге салып жамағатқа, үй Абай көк,
Бұл өлең мұра болған азаматқа-ей.
Жерің шалғай-ей, амал жоқ.
Осында үлкен де отыр, кіші де отыр, үй Абай көк.
Көрсем де артық болмас саламат па-ей,
Жерің шалғай-ей, амал жоқ.
Сөйлейін сөйле десең халқым қалап, үй Абай көк.
Елімнің мерекесін құтқа балап-ей!
Жерім шалғай-ей, амал жоқ.
Өсе бер ортақ дәулет күнде мыңнан, үй Абай көк.
Мәпелеп еңбекті елім тұр аймалап-ей,
Жерің шалғай-ей, амал жоқ.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: