Автограф (текст)

Көрер едің,
Шаламын ба, отпын ба,
Білер едің,
Ақынмын ба, жоқпын ба?…
Кектендірген хан Жәңгір де жок, мұнда,
Кектенетін Махамбет те жоқ мұнда.
Түсінер ең,
Езбін бе, әлде ермін бе,
Байқар едің,
Артықпын ба, кеммін бе?..
Мен Спартак бола алмадым, не шара,
Сенің өзің Цезарь болып көрдің бе?!
Сырым да — осы,
Жырым да — осы,
Алдыңда?
Байқашы бір,
Бықсыдым ба, жандым ба?
— Махаңдар жоқ,
Махаңдардың сарқыты —
Мұқағали Мақатаев бар мұнда!

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: