Созады Біржан дауысын қоңыр қаздай,
Басқаға бір өзіңнен жүрмін жазбай.
Жиылысы жандаралдың болады деп,
Жанбота, тынышымды алдың ала жаздап,
Тартса да домбырамды бергенім жоқ,
Есерді поштабайдай көргенім жоқ.
Қамшымен топ ішінде ұрып еді,
Азардан, уа, дариға, өлгенім жоқ.