Айдындағы аққу (текст)

Ақ қанатты аққулар,
Аспан сәні секілді.
Әсемдіктің айдынға,
Қонақтаған өкілі.

Ақ айдынның төсінде,
Ерке жүзген ертемен.
Қанатыңды жайғанда,
Неткен әсем, көркем ең.

Балапандар қасында,
Жырақ кетпей жүр жүзіп.
Су сабалап сәт сайын,
Солар асыр бір қызық.

Ақ айдынның төсінде,
Ерке жүзген ертемен.
Қанатыңды жайғанда,
Неткен әсем, көркем ең.

 

Сөзі: С. Баязит

Әні: Н. Дүкенбай

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: