Айжан қызға (текст)

Айжанның разы болдым құметіне,
Жайылар бұл құрметің ел шетіне.
Мал мен бас, ықыласың бәрі бірдей,
Оралған бәрі тегіс ниетіңе.

Қызы екен Айжан сүлу Ақжол байдың,
Құрметін көріп едім талайлардың,
Бұралған тал шыбықтай нәзік белі,
Оралған жағасындай аққан сайдың.