Айлы түн (текст)

Айлы түн, айна бұлақ сылдыраған,
Адырлар қарауытып бұлдыраған.
Сен тұрдың батып ойға, мен іздедім,
Қайда деп күміс күлкің сыңғыраған.
Айлы түн, есіп самал манаураған,
Ақ жүзің албыраған алаулаған.
Қайтейін бәренен де ауыр болды,
Соңғы рет дидарыңа қарау маған.
Басқадан бақыт таптың, құралайым,
Нұрланып тұра берсін туған айым.
Аман бол, жақсы жар бол, сүйгеніңе,
Ол менше сүйе ме деп сұрамаймын.

 

Сөзі: Сағынғали Сейітов

Әні: Донеділ Қажымов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: