Айналайын елімнен (текст)

Айналайын туған елімнен,
Байтақ жатқан құтты жеріңнен.
Ұл-қызыңа шалқып әрдайым,
Орын берген сыйлы төріңнен.

Бұлбұл құстай шырқап сайраймын,
Жас құрақтай көктеп жайнаймын.
Теңдік алған шалқар еліме,
Еңбек етем шаршап-талмаймын.

Айналайын биіңнен, айналайын күйіңнен.
Шағаладай ақ күмбез, айналайын үйіңнен.
Айналайын әніңнен, айтылатын мәнімен.
Айналайын туыңнан, желбіреген сәнімен.

Майра апамдай сазды сызылтып,
Ән шырқаймын түрлі құбылтып.
Иса ағамдай ағып тасқындап,
Жыр ағытам шалқи шұбыртып.

Дина болып жауып нөсерлеп,
Күй тартамын төгіп әсерлеп.
Ата салтын биік қастерлеп,
Өрнек салам сәндеп-мәнерлеп.

Айналайын биіңнен, айналайын күйіңнен.
Шағаладай ақ күмбез, айналайын үйіңнен.
Айналайын әніңнен, айтылатын мәнімен.
Айналайын туыңнан, желбіреген сәнімен.

Ұршығындай асыл әжемнің
Шыр айналып еркін билеймін.
Домбырама барлық әлемнің,
Әнін салып баптап күйлеймін.

Үлкен өнер қилы жолында,
Жалығуды әмсе білмеймін.
Нұрын шашқан күллі жаһанға,
Жарқыраған ашық күндеймін.

Айналайын биіңнен, айналайын күйіңнен.
Шағаладай ақ күмбез, айналайын үйіңнен.
Айналайын әніңнен, айтылатын мәнімен.
Айналайын туыңнан, желбіреген сәнімен.

 

Сөзі: М. Әміржанов

Әні: Н. Дүкенбай

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: