Айнам-ау (текст)

Басың биік Алатау, қарың кетпес,
Шалғыныңды ел басып жапырады-ай.
Айнам-ау,
Алғаным жоқ сырыңды,
Әлдеқалай қайдам-ау.

Оралыңның барында ойна да күл,
Өтіп жалған барады қапияда-ай.
Айнам-ау,
Алғаным жоқ сырыңды,
Әлдеқалай қайдам-ау.

Басың биік Алатау, қарың кетпес,
Ақ жүзінен сұлудың әрі кетпес.
Айнам-ау,
Алғаным жоқ сырыңды,
Әлдеқалай қайдам-ау.

Сен есіме түскенде, беу, қалқатай,
Тамағымнан тауықтай тары да өтпес.
Айнам-ау,
Алғаным жоқ сырыңды,
Әлдеқалай қайдам-ау.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: