Айнашым (текст)

Күннің нұры бара жатыр қырды асып
Жастар кетті қолтықтасып, сырласып
Жалғыз қалып күтіп тұрмын Айнашым
Аяулы арман, асылым-ау, асылым-ау, қайдасың?
Келші тездеп, келші бермен Айнашым
Қол ұстасқан жастық өмір, жастық өмір жайнасын
Сылдырайды сыршыл бұлақ сырнайлы
Әсем даусын дала елтіп тыңдайды
Ән салады, жастар қолын бұлғайды
Барлығы да махаббатты, махаббатты жырлайды
Келші тездеп, келші бермен Айнашым
Қол ұстасқан жастық өмір, жастық өмір жайнасын
Күнің нұры бара жатыр қырды асып
Жастар кетті қолықтасып, сырласып
Жалғыз қалып күтіп тұрмын Айнашым
Аяулы арман, асылым-ау, асылым-ау қайдасың?
Келші тездеп, келші бермен Айнашым
Қол ұстасқан жастық өмір, жастық өмір жайнасын

 

Сөзі: Ж.Карбозин

Әні: Ә.Бейсеуов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: