Айта алмай (текст)

Жүрек бағынбай, іздейді төзім табылмай,
Тәп-тәтті елігім, көзіңе ерідім,
Мүмкін емес бір сәт жүру сені мүлде сағынбай.
Төгіліп гауһардай тамшы, көзіме сезімді салшы,
Оралып өзіме, еркелеп езіле,
Жанымда мәңгі қалшы.
Үзіліп түсті жанардан,
Бір үміт нұрдан жаралған.
Айталмай, айталмай, айталмай,
Мұның себебін.
Өзіңмен жаным егіздей,
Тасынып жатқан теңіздей.
Жүрегім, жүрегім, жүрегім,
Нені сезесің?
Сұлу елігім, өмірде болшы серігім,
Жүзіңнен мақпалдай бір бақыт тапқандай,
Қарақаттай көздеріңнен үміт тауып ерідім.
Гүл толы шырайлы бағым,
Көрмесем жан-дүнием сағым.
Алапат сезімді, тұншыққан төзімді,
Өзіңсіз сездірген жаным.
Үзіліп түсті жанардан,
Бір үміт нұрдан жаралған.
Айталмай, айталмай, айталмай,
Бұның себебін.
Өзіңмен жаным егіздей,
Тасынып жатқан теңіздей,
Жүрегім, жүрегім, жүрегім,
Нені сезесің?

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы: Қайрат Нұртас

Видеоға сілтеме: