Атымның қақ тұрады сауырына,
Қос тепкі салып келем бауырына.
Қолынан шай құйдырып ішейін деп,
Келемін Айтбай сұлу ауылына.
Мамакен Айтбай бесем күлімдейді,
Сұр жорға астымдағы сүрінбейді.
Аққудай аспандағы жүз құбылатын,
Сал Біржан ән салуға ерінбейді.