Айшажан (текст)

Ақ дауылдай айдын көлді шайқаған
Толқып өттің көңілімді Айшажан
Сымбатыңмен қыр гүліндей жайқалған
Арманыма қанат бердің, қалқажан
Армандасам әнім болдың аңсаған
Арайлаған таңым болдың, қалқажан
Бір өзіңді қиялдаймын
Өзге жанға қия алмаймын, Айшажан
Жадырайсың еркелейсің назданып
Жанарыңнан от жанады жап-жарық
Елес беріп өміріме алдағы
Күлімдейсің көңіліме шам жағып
Армандасам әнім болдың аңсаған
Арайлаған таңым болдың, қалқажан
Бір өзіңді қиялдаймын
Өзге жанға қия алмаймын, Айшажан
Мұңайғанда сырым болшы аңсаған
Қуанғанда жырым болшы қалқажан
Дауыл болып шулата бер қайтадан
Жүрегімді тулата бер, Айшажан
Армандасам әнім болдың аңсаған
Арайлаған таңым болдың, қалқажан
Бір өзіңді қиялдаймын
Өзге жанға қия алмаймын, Айшажан.

 

Сөзі: Н.Әлімқұлов

Әні: Ә.Бейсеуов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: