Айша бибі (текст)

Қыран бүркіт ұшады қыр айналып,
Түлкі көрсе кетпейді шыр айналып.
Әлу-әй.
Ат секілді жамандық арқандаулы,
Таппай қоймас қазығын бір айналып.
Әлу-әй.

Айша-Бибі елім-ай,
Әулиеата жерім-ай.
Қыдыр келіп, бақ қонсын
Балаларға дедім-ай.

Ит болмайды қасқырды баққанменен,
Ажалсызға оқ тимес атқанменен.
Әлу-әй.
Жалқауға сөз, шабанға қамшы өтпейді,
Жібімес тас өзенде жатқанменен.
Әлу-әй.

Айша-Бибі елім-ай,
Әулиеата жерім-ай.
Қыдыр келіп, бақ қонсын
Балаларға дедім-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: