Алматым деп ән салам (текст)

Қайда жүрсем Алматы жадымдасың
Жадымдасың дос жаран, бауырласым
Оралсаңшы дегендей мекеніңе
Орамалын бұлғайды қарындасым
Сөйле, сөйле көңілім барда тілің
Алатауда жүрегім Алатауда
Түсімде де көремін Алматыны
Сағынып кеп аяулым қолыңды алам
Күндіз-түні күтеді жолымды анам!
Есігіңде жүрсем де бақыттымын
Бермей-ақ қой төріңнен орын маған
Сөйле, сөйле көңілім барда тілің
Алатауда жүрегім Алатауда
Түсімде де көремін Алматыны
Аймалаған секілді таң самалы
Ертелі-кеш көңілім ән салады
Алматылық жігіттің арманы көп
Алатаудай биіктік аңсағаны
Сөйле, сөйле көңілім барда тілің
Алатауда жүрегім Алатауда
Түсімде де көремін Алматыны.

 

Сөзі: Т.Молдағалиев

Әні: Ә.Бейсеуов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: