Алматым менің (текст)

Алматымда тұр алаулап
Алтын нұры айдың
Жүрдің бе сен тамашалап
Көшесінде Абайдың
Алматының бағы қандай
Алмасының дәмі балдай
Алма дидар арулар
Қыз Жібек пен Баяндай
Көктөбеде ақ отау бар
Саясында Арман
Бұлттан асқан Алатау бар
Мұз бен гүлден жаралған
Алматының бағы қандай
Алмасының дәмі балдай
Алма дидар арулар
Қыз Жібек пен Баяндай
Алматының кеші қандай
Алатаудың төсі қандай
Күн қала бұл,Ай қала
Аймала жел, аймала
Алматының бағы қандай
Алмасының дәмі балдай
Алма дидар арулар
Қыз Жібек пен Баяндай
Өстім сенде жарқын таңда
Жастық отын жағып
Мен есейіп марқайсам да
Сен өсе бер жасарып
Алматының бағы қандай
Алмасының дәмі балдай
Алма дидар арулар
Қыз Жібек пен Баяндай.

 

Сөзі: Н.Әлімқұлов

Әні: М.Сағатов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: