Алтайдан сәлем (текст)

Бұлбұл бақты сүйгендей, ау, қыран көкті, ағажан,
Алатаудан Алтайға бір ән жетті-ау, ағажан.
Алматыға барғаным, ау, елес бүгін, ағажан,
Сол бір әнді келеді көп естігім, ағажан.
А-а-ай!
Ән жүректі елжіретті,
Сезім көлін мөлдіретті.
Мен де арнадым өлеңімді —
Сәлемімді, ағажан,
Ақ маралды Алтай жақтан,
Шалғай жатқан, ағажан.
Көшкен елдің қызы едім, ау, Алтай асып, ағажан,
Өмір кештім тағдырмен тайталасып, ағажан.
Тілек болса көкейде, ау, айтпайсыз ба, ағажан,
Алтай жаққа бір келіп қайтпайсыз ба, ағажан?!
А-а-ай!
Ән жүректі елжіретті,
Сезім көлін мөлдіретті.
Мен де арнадым өлеңімді —
Сәлемімді, ағажан,
Ақ маралды Алтай жақтан,
Шалғай жатқан, ағажан.

 

Сөзі: Т. Рахымов

Әні: Т. Рахымов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: