Даусы құрғыр қалыпты тарлан тартып,
Жүрмеген соң көп болды өлең айтып.
Алтынай,
Айтайын сөздің салтын-ай,
Ахау, агигай.
Бір-екі ауыз өлеңді мен айтайын,
Өтіп кеткен бұл дәурен келмес қайтып.
Алтынай,
Айтайын сөздің салтын-ай,
Ахау, агигай.
Ақыр жетіп арманға арымаған,
Аямайды-ау досынан жанын адам.
Алтынай,
Айтайын сөздің салтын-ай,
Ахау, агигай.
Өлең деген немене білгендерге,
Сүйегіме ақындық дарымаған.
Алтынай,
Айтайын сөздің салтын-ай,
Ахау, агигай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: