Алтынжан, сен де керей мен де керей.
Ән салсам бүлкілдейді айыр көмей!
Алтынжан, домбыраңды маған берші.
Тағы да істеп берер арық керей.
Алтынжан, домбыраңды сұрағаным,
Домбыраң маған тіпті ұнағанын…
Құбылтып неше түрлі әнге қоссам,
Қояр еді жас бала жылағанын.
Алтынжан, домбыраңды берсең маған,
Риза боп жүре едім мен де саған.
Дәм жазып бір жат елге бара қалсаң,
Еске алып, барып жүрер Біржан ағаң.
Сөзі:
Әні:
Орындаушы:
Видеоға сілтеме: