Алыстап кетіпті сол күндер (текст)

Жанымның жайқалып гүл бағы,
Сылдырап ағатын бұлағы.
Ақ самал аялай ескенде,
Қияға самғайтын қиялым.
Жандардай мейірге шөлдеген,
Сағыныш жүректі меңдеген.
Алыстап кетіпті-ау сол күндер,
Сағымдай жырақта көлбеген.
Есте қап бақытты шақтарым,
Көмескі тартыпты оттарым.
Тағдыр да кінәлі бәріне,
Сарғайып қалыпты бақтарым.
Жандардай мейірге шөлдеген,
Сағыныш жүректі меңдеген.
Алыстап кетіпті-ау сол күндер,
Сағымдай жырақта көлбеген.
Қайда екен сол бақытым қолдағы,
Көл-көсір шаттығым сондағы.
Көп уақыт өтіпті тоңғалы,
Өзіңнен көз жазып қалғалы.
Жандардай мейірге шөлдеген,
Сағыныш жүректі меңдеген.
Алыстап кетіпті-ау сол күндер,
Сағымдай жырақта көлбеген.

 

Сөзі: Ш. Әлдибекұлы

Әні: Х. Қожахметов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: