Алғақ (текст)

Қарақат көзді, сүмбіл шаш.
Пісте мұрын, түйме бас.
Алыстан аңсап келгенде,
Ләззәтпен, сәулем, аузыңды аш!

Қарақат көзді, сым саусақ,
Лебізің сенің бал қаймақ.
Жолыңа сенің сарп етпей,
Неге керек малды айдап.

Еркелейсің, жан сәулем,
Қысырдың қызыл тайындай.
Лебізің сусын қандырмақ,
Қытайдың қағаз шайындай!

 

Сөзі: Естай

Әні: Естай

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: