Жұлдызым, қарашығым, айналайын,
Білесің айтпасаң да ана жайын.
Жау жеңіп тезірек кел, қарашығым
Төсіме қысып сені аймалайын.
Сағынды ғой анаң-ай,
Сағындырдың балам-ай!
Тілеулес атаң да отыр аман-есен,
Жауды жой, жер үстінен анам десең.
Жасарып, көзім нұры толар еді,
Еркелеп, құлыншағым үйге келсең.
Сағындырдың, балам-ай,
Сәлем жазған анаң-ай.
Сөзі: Қосымжан Бабақов
Әні: Қосымжан Бабақов
Орындаушы: