Аралдағы жеңеше-ай (текст)

Аумайсың жас баладан, жас баладан
Ақ көңілім сен менің
Өзіңді іздеп астанадан
Құстай ұшып келемін-ай, жеңеше-ай
Аққуындай аралдың
Қандай нұрдан жаралдың
Жадыраған жаның гүлдей жеңеше-ай
Мінезіңді сағындым ғой
Аралдағы жеңеше-ай
Жеңеше-ай, еркелейін, еркелейін
Сенің ерке жаныңа
Бұлбұл әнін мен төгейін
Өзің еккен бағыңа, беу, жеңеше-ай
Аққуындай аралдың
Қандай нұрдан жаралдың
Жадыраған жаның гүлдей жеңеше-ай
Мінезіңді сағындым ғой
Аралдағы жеңеше-ай
Жеңеше-ау ақ жүректі, пәк жүректі
Ағаның өзіңдейсің
Кездеріңді сағындым ғой
Наздана әзілдейтін
Аққуындай аралдың
Қандай нұрдан жаралдың
Жадыраған жаның гүлдей жеңеше-ай
Мінезіңді сағындым ғой
Аралдағы жеңеше-ай.

 

Сөзі: А.Мекебаев

Әні: Н.Тілендиев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: