Белгілі есімің
Бауырмал ағасың
Көңілдің есігін
Күй болып қағасың
Қашанда жақсыға
Құшағың жаясын
Аязда — ақ шуақ
Аптапта — саясын
Аязда — ақ шуақ
Аптапта — саясын
Тулайды жүрегің
Тасытып қаныңды
Жұрт үшін жүресің
Қинап-ақ жаныңды
Біреудің қайғысын
Қайғыңдай көресің
Халықтың алғысын
Гүліндей тересің
Халықтың алғысын
Гүліндей тересің
Кең көңіл даладай
Бересін қол ұшын
Бір туған ағадай
Сыйлаймыз сол үшін!
Жақсылық кезінде
Жырға да сымбат қой
Бұл өмір өзіңдей
Жандармен қымбат қой
Бұл өмір өзіңдей
Жандармен қымбат қой.
Сөзі: Қ.Мырзалиев
Әні: Б.Жұманиязов
Орындаушы: