Тілегін біз тіледік жас ұланның,
Күш-қайрат, үлгі, жігер бас ұланның.
Жүрегім сергісейші, серпіл қабақ.
Бола ма шыныменен ашылар күн-ай.
Әй, ау! А-ри-дау, а-ри-дау.
Болғанда біз – ақсұңқар, сен – ала үйрек,
Қосылған екі жақсы болар сирек.
Құрбыжан, сені ойлап сағынғанда,
Соғады тыным таппай қайран жүрек!
Әй, ау! А-ри-дау, а-ри-дау.
Көзіңнен айналайын, алтын қабақ,
Сен бе едің суда ойнаған алтын шабақ.
Салсам да күміс қармақ ілінбейсің,
Айсұлу, алма мойын, ей, ақтамақ.
Әй, ау! А-ри-дау, а-ри-дау.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: