Кездескенде жан еркем назданасың
Жасыра алмай сырыңды көз қарасың
Жадыратшы жанымды жаз боп келіп
Қол жетпейін шынарым сен ғанасың
Жалын атты жүрегім
Бір өзіңсің тілегім
Арманымның ақ құсы
Жалғыз сен деп білемін
Келгенімде тұрасың күндей шалқып
Бар еркімді өзіңе адың тыртып
Көз алдымнан кетпейді назды күлкің
Жүрек сырын білдірдім әнмен айтып
Жалын атты жүрегім
Бір өзіңсің тілегім
Арманымның ақ құсы
Жалғыз сен деп білемін
Аққуы боп көгімнің қалықтаған
Әні болшы көңілімнің шарықаған
Назды күлкі сыйлашы жақсы құрбым
Көк жұлдызын бергендей алып маған
Жалын атты жүрегім
Бір өзіңсің тілегім
Арманымның ақ құсы
Жалғыз сен деп білемін
Сөзі: К.Алпысбаев
Әні: К.Алпысбаев
Орындаушы: