Арманға бірге барайық (текст)

Ертеңге, қалқа, қарасаң,
Қол бұлғап арман тұрғандай.
Шақырып жарқын болашақ,
Бақытың отау құрғандай.
Арманға бірге барайық,
Жүрекке сая табайық.
Махаббат әні әлдилеп,
Алысқа қанат қағайық.
Ол жақта — бұлтсыз көк аспан,
Тұнығы таза лағылдай.
Самалы жанмен сырласқан,
Көктемнің нұрлы таңындай.
Арманға бірге барайық,
Жүрекке сая табайық.
Махаббат әні әлдилеп,
Алысқа қанат қағайық.
Ертегі күндей ертеңім,
Сүйгенім, жүрсең жанымда.
Сезімнің жайып желкенін,
Жасайық бақыт бағында.
Арманға бірге барайық,
Жүрекке сая табайық.
Махаббат әні әлдилеп,
Алысқа қанат қағайық.

 

Сөзі: М. Сақатов

Әні: М. Ілиясов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: