Жадыратып жанымды жарық ұшқын,
Жанарыңнан жалт еткен жалын құштым.
Қанатына қондырып сағыныштың,
Аспанына арманның алып ұштым.
Сен — таңдағы әнім,
Үмітім боп жалғанарым,
Самған әнім,
Сен — таң қаларым,
Бар ғаламнан таңдағаным,
Арман-әнім.
Шуағысың әндегі шырақтың да,
Қайнарысың мендегі бұлақтың да.
Сағындырып, сарғайтып, жылаттың да,
Жібек желдей жырыңмен жұбаттың да.
Сен — таңдағы әнім,
Үмітім боп жалғанарым,
Самған әнім,
Сен — таң қаларым,
Бар ғаламнан таңдағаным,
Арман-әнім.
Сөзі: Қ. Сәтмұхамбетов
Әні: Қ. Сәтмұхамбетов
Орындаушы: