Өңім бе, әлде түсім бе бір қыз көрдім,
Құралайдай құлпырған құндыз көрдім.
Қызыл қанат қыздардың періштесі,
Жерге түскен аспаннан жұлдыз көрдім.
Қас қияқтай қасы,
Қара зердей шашы.
Құлпырады тотыдай,
Қаншада екен жасы.
Қарақаттай көзі,
Әсем әндей сөзі.
Ақ дидары толған ай,
Қыз Жібектің өзі.
Күндіз естен кетпеді, түнде – түстен,
Алтын жұлдыз аспаннан кімге түскен.
Жалғыз ғана өзі ме жерде жүрген,
Құрбылары жоқ па екен бірге түскен?
Қас қияқтай қасы,
Қара зердей шашы.
Құлпырады тотыдай,
Қаншада екен жасы.
Қарақаттай көзі,
Әсем әндей сөзі.
Ақ дидары толған ай,
Қыз Жібектің өзі.
Мұндай қыздар аспаннан келмесе екен,
Жігіттердің көңілін бөлмесе екен.
Ай деп, Күн деп тең таппай жүрген қызым,
Бір досымның құрметті жеңгесі екен.
Көңіл шіркін қалды,
Жүрек оттай жанды.
Тоты деген қызымыз,
Бір тозаққа салды.
Жібек деген мықты,
Жеңгеміз боп шықты.
Мендегі бар махаббат,
Осыменен бітті.
Сөзі: Оспанхан Әубәкіров
Әні: Әсет Бейсеуов
Орындаушы: